DOLAR
EURO
ALTIN
BIST
Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Президент Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Президент Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады
REKLAM ALANI
17.05.2023
A+
A-

 

 

Жаңалықтар
Ақорда
Президент Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады
2023 жылғы
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес өтті. Жиында Ұлттық банктің 2022 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Іс-шараға Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылғы ақша-кредит саясатының жүзеге асырылу нәтижелері, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі жөнінде баяндалды.

 

Президентке өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканы долларлау көрсеткіші 31,6 пайызға азайғаны, екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит бөлу көлемі 23,3 пайызға артып, 22,8 триллион теңгеге дейін жеткені, соның ішінде бизнеске берілген кредиттің 13,9 пайызға өсіп, 9,6 триллион теңгені құрағаны жөнінде мәлімет берілді. Жалпы экономикаға бөлінген кредит 2022 жылы 21,7 пайызға өсті. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша оның көлемі 28,9 триллион теңгені құрады.

 

Ұлттық банктің дерегі бойынша былтыр жалпы халықаралық резервтер 1,2 миллиард долларға көбейіп, 90,8 миллиард долларға жетті. Соның ішінде алтын-валюта қоры – 35,1 миллиард доллар, Ұлттық қор активтері – 55,7 миллиард доллар. 2014 жылы біріктірілген уақыттан бері БЗЖҚ зейнетақы активтері кірісінің жылдық мөлшері 9,33 пайызды құрады.

 

 

 

Ұлттық банктің мәліметі бойынша Fitch Ratings және S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның «ВВВ» деңгейіндегі дербес рейтингіне қатысты «тұрақты» деген болжамды растады.

 

Мемлекет басшысының айтуынша, инфляция, макроэкономикалық және энергетикалық тұрақсыздық әлі де экономиканың негізгі түйткілдері ретінде сақталып отыр.

– Халықаралық ұйымдар Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша жаһандық өсім 2021 жылғы 6,2 пайыздан 3,4 пайызға дейін айтарлықтай бәсеңдейтінін және баға қысымы күшейетінін болжап отыр. Мұның бәрі еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға анағұрлым үйлесімді әрі тиімді жұмыс жүргізу қажет екенін білдіреді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талқылау қорытындысы бойынша Президент жылдық есепті мақұлдады.

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-ulttyk-banktin-zhyldyk-esebin-kabyldady-1645254

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.