Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
2024 жылғы 16 маусым
Қадірлі отандастар!
Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам.
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауыhttps://t.co/9Y1kOYgkoP pic.twitter.com/X5Prm20yVG
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) June 16, 2024
Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі.
🕌 Президент посетил мечеть Хазрет Султан
Касым-Жомарт Токаев по случаю священного праздника Курбан айт посетил мечеть Хазрет Султан в Астане.
В мечети были прочитаны суры из Корана и совершен обряд жертвоприношения от имени Главы государства. pic.twitter.com/Jtzhi4ltrS— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) June 16, 2024
Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз.
⚡️Құрбан айт мерекесі құтты болсын! pic.twitter.com/pOYTCiC28w
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) June 16, 2024
Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
🕌 Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды.
Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды. pic.twitter.com/KdjpneO3Oy— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) June 16, 2024
Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kurban-ayt-merekesimen-kuttyktauy-1552322