DOLAR
EURO
ALTIN
BIST
Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Президент Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады

Президент Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады
REKLAM ALANI
05.11.2022
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Президент Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады

2022 жылғы

Мемлекет басшысына сауда саясатын дамытудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет берілді. Қазіргі уақытта сауда-саттық саласы еліміздегі жалпы ішкі өнім құрылымында (18,3%), жұмыспен қамтылған адамдар (1,45 миллион) мен бизнес субъектілерінің саны (551 мың адам) жөнінен бірінші орында тұр. Сонымен қатар сала бір субъектіге шаққандағы пайда мөлшері және негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі бойынша артта келеді.

Ұсынылған тәсілдер ішкі нарықты қорғауға, өз өндірісімізді қолдауға және тауар өткізетін жаңа нарықтар ашуға бағытталған. Бұдан бөлек, электронды коммерцияны дамыту, трансшекаралық және ірі сауда-логистикалық хабтарды салу көзделіп отыр.

Кездесу барысында еліміздің интеграциялық одақтардағы қызметі мен еркін сауда аймақтарын құру мәселелері қарастырылды. Серік Жұманғарин Қазақстан делегациясының Иранға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы сауда-саттықтың жаңа форматтарын енгізу жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ халықаралық нарықтардағы ұлттық экономикалық мүддені белсенді түрде қорғау қажеттігін атап өтті.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-premer-ministrdin-orynbasary-sauda-zhane-integraciya-ministri-serik-zhumangarindi-kabyldady-4104750

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.